Қазақстандық UFC-дің экс файтерін бірінші раундта ауыр нокаутқа түсірді

0
1 096

Жекпе-жек АСА 115 турнирінде өтті.


Қазақстандық UFC-дің экс файтерін бірінші раундта ауыр нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жектен Мәскеуде өткен АСА 115 турнирінде жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтер Евгений Егембердиев британиялық Люк Барнатты нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.

Үш раундқа есептелген жекпе-жек бірінші раунд соңында аяқталды. Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Осыған байланысты медицина қызметкерлері октаганға шығып, Барнатқа жәрдем беруге тура келді.


Осылайша, Егембердиевтің есебінде 12 жеңіс, үш жеңіліс бар. Ал британиялық спортшы бұған дейін 15 рет жеңген, кейінгі бес кездесуінде жеңіліп, жалпы жеңіліс саны 10-ға жетті.