Қазақстандық велошабандоз Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

0
517

Қазақстан велоспорты тарихында Ринатаға дейін бір де бір спортшы омниумнан Азия біріншілігінің жеңіс тұғырына көтеріліп көрген емес.


Қазақстандық велошабандоз Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова велотрек жарысы - омниумнан Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алды, деп жазады baq.kz.

ҚР велоспорт федерациясы атап өткендей, Қазақстан велоспорты тарихында Ринатаға дейін бір де бір спортшы омниумнан Азия біріншілігінің жеңіс тұғырына көтеріліп көрген емес.

Ол игерген нәтиже спортшының әлемдік рейтингтің үздік ондығынан орын тебуге мүмкіндік береді, осылайша Рината алда Парижде өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу сынына жолдаманы әзірден қанжығасына байлап үлгерді.