Қазақстандық велошабандоз «Джиро д'Италия» виртуалды жарысының жеңімпазы болды

0
583

18 сәуірден 10 мамырға дейін өтетін сайыс аясында веложарыстың жеті кезеңі болады.


Қазақстандық велошабандоз «Джиро д'Италия» виртуалды жарысының жеңімпазы болды

ERNUR.KZ. Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко «Джиро д'Италия» виртуалды жарысы бірінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.

Виртуалды жарыс биылғы велокөпкүндіктің 10-шы кезеңінің финалын қамтыды. Жарысқа қатысушылар 32.1 шақырымды велосипедпен еңсерді. Луценко бәрінен басым түсті. Ол мәре сызығын 44 минут 41 секундта кесіп өтті.

Екінші орынды Италия құрамасының өкілі Элиа Вивиани алды. Алғашқы үштікті «Pro Team Astana» командасының тағы бір өкілі Давиде Мартинелли тұйықтады.

Еске салайық, 18 сәуірден 10 мамырға дейін өтетін сайыс аясында веложарыстың жеті кезеңі болады.