Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионы атанды

0
536

Astana Qazaqstan Team командасының велошабандозы жастар арасында әлем чемпионы атанды.


Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Евгений Федоров 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының топтық жарысында алтын жүлде еншіледі, деп жазады vesti.kz.

Astana Qazaqstan Team командасының велошабандозы жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Ол 169,8 шақырым қашықтықты өзгелерден бұрын бағындырды. Екінші орынды чехиялық Матиас Вачек иеленсе, қола медаль норвегиялық Сорен Варенскольдқа бұйырды.

Еске салайық, 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Аустралияда өтіп жатыр. Жарыс 25 қыркүйекке дейін жалғасады.