Қазақстандық Зарина Дияс жаңартылған әлемдік рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады

0
405

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен теннисші Юлия Путинцева бұрынғы орындарын сақтап қалды.


Қазақстандық Зарина Дияс жаңартылған әлемдік рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады

ERNUR.KZ. Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жаңартылған тізімін жариялады, деп жазады vesti.kz.

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен теннисші Юлия Путинцева бұрынғы орындарын сақтап қалды. Рыбакина 16-шы, Путинцева 37-ші орында.

Ал Зарина Дияс үш сатыға жоғарылап, 128-ші орынға жайғасты. Анна Данилина да үш орынға көтеріліп, 340-шы болса, Жібек Құламбаева керісінше үш саты төмендеп, Үздік 500-дік қатарынан шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстан теннисінің көшбасшысы Елена Рыбакина бүгін "Ролан Гаррос"-2022 турниріндегі жарыс жолына шығады.