Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде үш ай бойы көш бастап келеді

0
437

Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 445 ұпай бар.


Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде үш ай бойы көш бастап келеді

ERNUR.KZ. Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чемпиондық кестеде 14 жасқа дейінгілер арасында үш ай бойы көш бастап келеді. Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 445 ұпай бар.

Сондай-ақ қазақстандықтардан Дамир Жалғасбай 33-сатыда, ал Даниэль Тазабеков 111-орында тұр. Бұл елімізде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас теннисшілердің өсіп келе жатқанын көрсетеді.