Қазақстандықтар параканоэден Азия чемпионатында 10 медаль алды

0
567

Ұлттық құрама Самарқан (Өзбекстан) қаласындағы Азия чемпионатын 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады.


Қазақстандықтар параканоэден Азия чемпионатында 10 медаль алды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Самарқанда параканоэден өткен Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұлттық құрама Самарқан (Өзбекстан) қаласындағы Азия чемпионатын 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады», - деп жазылған ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінде.

Алтын медаль иегерлері: Бибарыс Спатай - (KL2/500м), (KL2/200м), Жаңыл Балтабаева - (VL3/200м).

Күміс медаль иегерлері: Жаңыл Балтабаева - (VL3/500м), Максим Богатырев - (KL1/ 200м),

Жалғас Тайкенов - (KL3/500м), (KL3/200м).
Қола медаль иегерлері: Максим Богатырев - (VL1/200м), Жаңыл Балтабаева - (KL3/200м), (KL3/500м).