Қазақстандықтар Паралимпиадаға тағы бір жолдама ұтып алды

0
198


Қазақстандықтар Паралимпиадаға тағы бір жолдама ұтып алды

ERNUR.KZ Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды, деп жазады sputnik.kz.



Бүгін Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды. Қазақстандық пара спортшы 2000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтті. Осылайша, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында - жапондық Мори Такуиа (9:40.52), ал Шри-Ланка өкілі Приамал Джакоди (10:01.15) үшінші орынды қанағат тұтты.
Темірхан Дайырбек - Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен бір жыл ғана кәсіби тұрғыда айналысып келеді. Оның жеке бапкері – Фаррух Хамракулов.
Қазақстандық пара спортшылар осымен 12-ші лицензияны алып отыр. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бейбарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және Нұрлан Домбаев жолдама ұтып алған.
Айта кетері, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.