Қазақстанның УЕФА рейтингісіндегі орны белгілі болды

0
493

Еуропалық құрамалардың рейтингісінде Испания командасы көш бастап тұр.


Қазақстанның УЕФА рейтингісіндегі орны белгілі болды

ERNUR.KZ. УЕФА Литвадағы әлем чемпионатынан кейінгі футзал бойынша еуропалық құрамалардың рейтингісін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Еуропалық құрамалардың рейтингісінде Испания командасы көш бастап тұр. Екінші орында Ресей тұрса, үштікті әлем чемпиондары Португалия түйіндеді. Қазақстан төртінші орында тұр.

УЕФА құрамаларының рейтингісі:

1. Испания – 2493,789

2. Ресей – 2464,226

3. Португалия – 2450,616

4. Қазақстан – 2385,842

5. Хорватия – 2051,042

6. Әзербайжан – 2015,589

7. Сербия – 2007,570

8. Италия – 1934,516

9. Чехия – 1887,535

10. Украина – 1856,420