Қазақстанның жеңіл атлеттері 2020 жылғы Олимпиадаға 10-нан астам лицензия алуы мүмкін

0
1 085

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтеді.


Қазақстанның жеңіл атлеттері 2020 жылғы Олимпиадаға 10-нан астам лицензия алуы мүмкін

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов Токиода өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың дайындық деңгейі жоғары екендігін атап өтті, деп жазады prosports.kz.

«Біздің міндетіміз – Олимпиада ойындарына дайындалу. Қазір бізде екі лицензия бар, әлеуетіміз жоғары. Біздің 12-15 спортшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алады деп үміттенеміз және сенеміз. Маңызды жеңістерге жетуге маңызды себептер бар», - деп атап өтті Даниал Ахметов Нұр-Сұлтандағы World Athletics президентінің келуіне орай ұйымдастырылған баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елі қатысады деп жоспарлануда.