Қазақтың баласы Мохаммед Салахпен кездесті

0
815

Бұл ерекше бала – футбол десе ішкен асын жерге қояды.


Қазақтың баласы Мохаммед Салахпен кездесті

ERNUR.KZ. Әли Тұрғанбеков Мохаммед Салахпен және "Ливерпульдің" басқа да жұлдызды ойыншыларымен кездесті, деп жазады Zakon.kz.

"Достарым мені УЕФА Суперкубогының финалына шақырды, онда өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының жеңімпазы ойнайды. Ливерпуль мен Челси! Мен УЕФА басшылығына, УЕФА қоры және әрине, Қайрат Советайұлына алғысымды білдіремін. Менің осы сапарымды ұйымдастырған сол кісі" - деп жазды ол.

Бұл ерекше бала – футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ол бұған дейін "ПСЖ", "Барселона" футболшыларымен кездесіп, Диего Марадонаның өзімен футбол ойнаған. 2017 жылы Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де кездескен.