​Кейннің дублі Англияға жеңіс сыйлады

0
1 423

Бұл жолыда қақпаның алдынан дәл кезінде табылған Кейн жеңіс голын атына жаздырды - есеп 2:1.


​Кейннің дублі Англияға жеңіс сыйлады

ERNUR.KZ. Англия құрама командасының шабуылшысы Кейннің дублі Англияға жеңіс сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"G" тобында футбол отаны Англия құрама командасы Тунисге қарсы ойын өткізді. Матч басынан англиялықтар шабуыл ұйымдастырып, 12 - минутта есепті ашты. Бұрыштама добынан соң шабуылшы Хари Кейн мүмкіндікті мүлт жібермей есепті ашты.
Африкалықтар бірінші таймда таразы басын теңестірді. Англия құрама командасының қорғаушысы өз айып алаңында ойын тәртібін бұзғаны үшін пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Фержани Сасси голмен аяқтады.
Екінші кезеңде ағылшындар жоғары деңгейде ойын көрсетіп, матчтың соңғы минутында екінші голды соқты. Бұл жолыда қақпаның алдынан дәл кезінде табылған Кейн жеңіс голын атына жаздырды - есеп 2:1.
Топтағы екінші ойында Бельгия үзілістен соң соққан 3 голының арқасында Панаманы 3:0 есебімен жеңді.