Хабиб: Конордың орны түрмеде

0
954

Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегор туралы ойын айтты.


Хабиб: Конордың орны түрмеде

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегор мен қарт кісінің арасында болған оқиға жайлы өз ойын айтты, деп жазады prosports.kz.

"Бұл өте жаман. Үлкен адам сізді 10 рет ұрса да, оған жауап бере алмайсыз. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Менің ойымша Конорды түрмеге жабу керек. Ол не бүлдіргенін түсінуі тиіс" - деді Хабиб.

Хабибтің бұлай деуіне үнемі дау-дамайдың ортасында жүретін ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегордің виски ішкісі келмеген қарт кісіні бет тұсынан жұдырықпен ұрғаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеосы себеп болған.