Хабиб пен Конор реванш өткізуі мүмкін

0
851

Хабиб Нурмагомедов Макгрегормен болған жекпе-жектің әлі аяқталмағандығын айтты.


Хабиб пен Конор реванш өткізуі мүмкін

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық спортшы Конор Макгрегормен реванш өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады prosports.kz.

- Біз 6 қазан күні болған айқасты әлі аяқтамадық. Бастамасы демеймін, орта тұсына келдік. Алдымызда көп жекпе-жектер бар. Біз тарихта қалатындай көп жұмыс атқарып, өзімізді дәлелдегіміз келеді, - деді Хабиб.

Айта кетейік, өткен жылы 6 қазанда Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңіп, чемпиондық белбеуді иемденген еді.