Хоккейден ӘЧ-2022 қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

0
533

Еліміздің басты командасы элиталы дивизион аясындағы әлем чемпионатында А тобында ойнайды.


Хоккейден ӘЧ-2022 қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылары белгілі болды, деп жазады vesti.kz.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Андрей Шутов ("Барыс"), Сергей Кудрявцев ("Южный Урал") және Илья Румянцев ("Арлан").

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы - "Барыс"), Джесси Блэкер ("Автомобилист"), Даррен Диц (ЦСКА), Леонид Метальников ("Адмирал") және Виктор Сведберг ("Авангард").

Шабуылшылар: Павел Акользин ("Металлург"), Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков (барлығы - "Барыс"), Кертис Волк ("Автомобилист"), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де - "Сарыарқа"), Кирилл Панюков ("Ақ Барс"), Роман Старченко (НСА) және Дмитрий Шевченко ("Авангард").

Еліміздің басты командасы элиталы дивизион аясындағы әлем чемпионатында А тобында ойнайды. Алғашқы матч 14 мамыр күні Дания хоккейшілеріне қарсы өтеді. Ал Финляндияғы біріншілік мамыр айының 13-29 аралығы болады.