Хоккейден ӘЧ-2022. Қазақстан құрамасы дат командасына ойсырай ұтылды

0
2 187

Финляндиядағы турнирде Юрий Михайлистің командасы Дания құрамасымен кездесті.


 Хоккейден ӘЧ-2022. Қазақстан құрамасы дат командасына ойсырай ұтылды

ERNUR.KZ. Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өтккізді, деп жазады Vesti.kz.

Финляндиядағы турнирде Юрий Михайлистің командасы Дания құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, скандинавиялық хоккейшілер 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Дат құрамасының сапында Патрик Бьёркстранд, Фелиск Шель, Йофхим Блихфельд (хет-трик), Фредерик Сторм, Юлиан Якобсен, Оливер Ларсен, Петер Региндер гол соқса, Қазақстан құрамасының сапынан Кирилл Савицкий көзге түсті.

Еліміздің басты командасы А тобында Дания командасынан бөлек, Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Франция және Италия хоккейшілерімен кездеседі.