Хоккейден ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы жеңісті уыстан шығарды

0
397

Осылайша жерлестеріміз А тобында қатарынан екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр.


Хоккейден ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы жеңісті уыстан шығарды

ERNUR.KZ. Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндиядағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Юрий Михайлис ойыншылары бұл жолы мұз айдынында Франция командасымен өзара мықтыны анықтады. Матчтың 5-минутында Валерий Орехов есеп ашса, 32-минутта Александр Тексье таразы басын теңестіріп кетті. Ал екінші кезеңнің аяқталуына 25 секунд қалғанда Флориан Шакиашвили француз құрамасын есепте алға шығарды. Қорытынды есеп 2:1.

Осылайша жерлестеріміз А тобында қатарынан екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр.

Еске салайық, қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойында дат ойыншыларына 1:9 есебімен ұтылса, француздар Словакия командасына 2:4 нәтижесімен есе жіберді.