Кикбокстан біріншілік аяқталды

0
994

ERNUR.KZ. ​Ақпанның 24-25 аралығында кикбокстан жастар арасында облыс чемпионаты өтті. Жарысқа ОҚО-ның 8 ауданынан 81 спортшы бақ сынады.


Кикбокстан біріншілік аяқталды

ERNUR.KZ. Ақпанның 24-25 аралығында кикбокстан жастар арасында облыс чемпионаты өтті. Жарысқа ОҚО-ның 8 ауданынан 81 спортшы бақ сынады. Айтулы сайыс сәуір айында Өскеменде өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу турнирі ретінде ұйымдастырылды. Айта кетсек, ОҚО құрамасы өткен жылы ел чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленген. Кикбокстан аға жаттықтырушы Жаңабай Әшірбаев биыл да команданың жоғары орын алуына сенімді.