​Кикбокстан Қазақстан чемпионаты басталды

0
1 276

ERNUR.KZ. 12 маусым күні Шымкентте кикбокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


​Кикбокстан Қазақстан чемпионаты басталды

ERNUR.KZ. 12 маусым күні Шымкентте кикбокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ел чемпионатымен бірге кикбокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының жүлдегері Арман Мелдехановты да еске алу турнирі 15-ші рет ұйымдастырылып отыр.

4 күнде өтетін сайыстарға еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық кикбоксшылар келді. 2003, 2004 және 2005 жыл туылған жас спортшылар 25 салмақ бойынша кіл мықтыны анықтайтын болады.

Жеңімпаздар 15 маусым күні белгілі болады.