Қоңқабаев ресейлік боксшыны нокдаунға түсірді

0
371

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы сириялық Мохамад Млайес болады.


Қоңқабаев ресейлік боксшыны нокдаунға түсірді

ERNUR.KZ. 92 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабев Ташкенттегі әлем чемпионатында алғашқы айқасын өткізді, деп жазады vesti.kz.

1/16 финалдық жекпе-жекте Қамшыбектің қарсыласы ресейлік Алексей Дронов болды. Қоңқабаев оны ұпай санымен жеңіп, үшінші раундта нокдаунға да түсірді. Осы соңғы раундта қазақ боксшы қарсыласын еш аямай сабағанын айта кетейік.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы сириялық Мохамад Млайес болады.