Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты көрермендермен өтуі мүмкін

0
2 435

Биылғы әлем чемпионаты 11-14 қаңтар күндері Нидерландтың Херенвен қаласында өтеді деп жоспарланған.


Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты көрермендермен өтуі мүмкін

ERNUR.KZ. Конькимен жүгіруден 2021 жылғы әлем чемпионаты көрермендердің қатысуымен өтуі мүмкін, деп хабарлады Olympic.kz.

Биылғы әлем чемпионаты 11-14 қаңтар күндері Нидерландтың Херенвен қаласында өтеді деп жоспарланған. Конькимен сырғанаудан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар Нидерландтағы эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда турнирге шектеулі түрде жанкүйерлерді қабылдай алады деп үміттенеді.

Айта кетерлігі, 16-17 қаңтарда Хиренвинде көпсайыстан Еуропа чемпионаты өтті, сондай-ақ әлем кубогының екі кезеңі өтеді деп күтілуде. Сонымен қатар жеке қашықтықтағы әлем чемпионаты сол қалада 11 мен 14 ақпан аралығында өткізіледі.