Конькимен жүгіруден екі ресейлік спортшы Қазақстан ұлттық құрамасына өтеді

0
619

Бұған дейін 26 жастағы ресейлік конькиші Елизавета Голубева Қазақстан құрамасының сапында бақ сынауға бел буған болатын.


Конькимен жүгіруден екі ресейлік спортшы Қазақстан ұлттық құрамасына өтеді

ERNUR.KZ. Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді, деп жазады zakon.kz.

Кеше Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады.

Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Одақтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін 26 жастағы ресейлік конькиші Елизавета Голубева Қазақстан құрамасының сапында бақ сынауға бел буған болатын. 23 жастағы Кристина Силаева да осындай шешім қабылдады.