Конкур: Шымкенттің аттары қонақтарға бағынбай қойды (фото)

0
1 326

​Шымкентте конкурден облыс чемпионаты өтті. Жарысқа ОҚО-ның спортшыларынан өзге Астана мен Алматыдан 40 шақты шабандоз қатысты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Конкур: Шымкенттің аттары қонақтарға бағынбай қойды (фото)

Шымкентте конкурден облыс чемпионаты өтті. Жарысқа ОҚО-ның спортшыларынан өзге Астана мен Алматыдан 40 шақты шабандоз қатысты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Астана мен алматылық спортшылар өз сәйгүліктерімен келе алмағаны үшін сайыста қиыншылықтарға тап болды. Кейбір спортшылар аттармен тіл табыса алмай, жаттығуларды соңына дейін орындай алмады.


Жарыс қортындысы бойынша жастар арасында Шыңғыс Оразбай жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасында Согдиана Әшімге тең келетін қарсылас табылмады. Жас аттар сайысында облысымыздың спортшысы Назерке Қасымбек бірінші орыннан көрінді.


Сондай ақ өзге номинацияларда да үздіктер анықталды. Жеңімпаздап сәуір айында Алматы қаласында өтетін ел чемпионатында бақ сынайтын болады.