Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралғанын хабарлады

0
523

Ол жеңіл салмақта өнер көрсететін болады екен.


 Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралғанын хабарлады

ERNUR.KZ. UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететін хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тесттен өтіпті.

"McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексеріп, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені", - деп жазды Конор твиттер парақшасында.



Еске салайық, маусым айында МакГрегор аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағанын айтып еді. Кейін қыркүйек айында бокс ережесі бойынша Мэнни Пакьяомен, содан соң UFC өкілі Дастин Порьемен екінші рет кездесетінін мәлімдеді.