Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір алтын иеленді

0
508

Көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-і болды. Ал Елжан Таниева 7-ші орыннан көрінді.


Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір алтын иеленді

ERNUR.KZ. Тайландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-і болды. Ал Елжан Таниева 7-ші орыннан көрінді.
Жеке біріншіліктің финалында Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер атанды.
Айта кетері, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығудан алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде күміс Өзбекстанға, қола Жапонияға бұйырды.