Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды

0
810

Спорт шеберлері арасында көпсайыс бойынша жеке бәсекеде Шымкенттік Роза Абитова жеңімпаз атанды.


Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды

ERNUR.KZ. Ақтауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтті, деп жазады Olympic.kz.

10-15 наурыз күндері "Маңғыстау-Аренада" өткен дүбірлі додадаға еліміздің түкпір-түкпірінен атлеттер қатысты.

Спорт шеберлері арасында көпсайыс бойынша жеке бәсекеде Шымкенттік Роза Абитова жеңімпаз атанды. Ренат Жолдинова (ШҚО) күміске, Дильназ Байленова (Қарағанды облысы) қола жүлдені қанағат тұтты.

Спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы бәсекеде Милана Парфилова үздік танылды. Жансая Жанбуршиева күміске, Дария Касаева қолаға қол жеткізді.