Коронавирус: Токио губернаторы жазғы олимпиаданы Лондонда өткізу туралы ұсынысты сынға алды

0
637

Халықаралық олимпиада комитеті бұған дейін Токиодағы олимпиаданы өзгертуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеген болатын.


Коронавирус: Токио губернаторы жазғы олимпиаданы Лондонда өткізу туралы ұсынысты сынға алды

ERNUR.KZ. Токио губернаторы Юрико Коикэ биылғы жазғы олимпиаданы Лондонда өткізу туралы ұсынысты сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе Лондон мэріне үміткер Шон Бэйлидің мәлімдемесіне байланысты болып отыр. Ол Лондон қажет болса, биылғы жазғы олимпиаданы өзінде өткізе алады деп айтқан еді. Юрике Коикэ британдық саясаткер коронавируспен жағдайды саяси мақсатта пайдалануы орынсыз деді. Ал Халықаралық олимпиада комитеті бұған дейін Токиодағы олимпиаданы өзгертуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеген болатын.