Ковалевті нокаутқа түсірген "Канело" ең мықты боксшылар тізімінде көш бастап тұр

0
677

Мұның алдында көш тізгіні Ломаченконың қолында болған.


Ковалевті нокаутқа түсірген

ERNUR.KZ. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) The Ring тұжырымынша салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік (P4P) боксшылар рейтингінде, - деп жазады Vesti.kz.

Бұл рейтингте Қазақстан боксшыларынан Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) ғана кірген.

The Ring тұжырымынша P4P рейтингі:

  1. Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО - Мексика) - орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ;
  2. Василий Ломаченко (14-1, 10 КО - Украина) - жеңіл;
  3. Теренс Кроуфорд (35-0, 26 КО - АҚШ) - жартылай орта;
  4. Наоя Иноуэ (19-0, 16 КО - Жапония) - жеңіл;
  5. Александр Усик (17-0, 13 КО - Украина) - аса ауыр;
  6. Эррол Спенс (26-0, 21 КО - АҚШ) - жартылай орта;
  7. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО - Қазақстан) - орта;
  8. Хуан Франсиско Эстрада (40-3, 27 КО - Мексика) - екінші ең жеңіл;
  9. Артур Бетербиев (15-0, 10 КО - Ресей) - жартылай ауыр;
  10. Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО - Филиппин) - жартылай орта.