Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 «алтын» жеңіп алды

0
351

Аталған сайыста ел спортшылары 21 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.


Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 «алтын» жеңіп алды

ERNUR.KZ. Елордада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған сайыста ел спортшылары 21 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Әлем чемпионатының алтынын иеленгендер арасында Медет Қожбанов, Ердаулет Жеңіс, Ілияс Мұхамадиев, Мәди Райхан, Дәулет Темірханов, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов және Қайрат Мұқанбековтер бар.

Ал күміс жүлдені Серік Әбіров, Андрей Тирешин, Арай Мусина, Сая Әуелбекова, Аманбек Жаманқараев, Әлихан Сеитов, Айдын Үмбетов сынды жекпе-жек шеберлері жеңіп алды.

Сонымен қатар, Әмина Шәйменова, Шынар Кенжебаева, Әсел Жұмақаева, Шынар Баймурзина, Алексей Беликов, Сергей Бредихин мен Ардақ Мадимұхаметовтер үшінші орыннан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте 7 алтын, 7 күміс және 15 қола медальмен Ресей Федерациясың командасы екінші орынға тұрақтады. Жүлде саны бойынша Өзбекстан құрамасы үздік үштікті қорытындылады. Ал ел спортшылары 7 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, аталған әлем чемпионатына 32 елден келген 300-ден спортшы қатысты. Бұл спорттың «Жекпе-жек» түрінде әлем біріншілігінің медальдары үшін 17 салмақ дәрежесінде 118 ер және 43 әйел жекпе-жек шебері сайысты. «Өзін өзі қорғау» бойынша 16 салмақ дәрежесінде 129 ер мен 32 әйел өзара мықтыны анықтады.

Қоса кетсек, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты 16-18 маусым аралығында Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Кеше сайыс барысында БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған баспасөз маслихаты барысында Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов сайысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының президенті Сәкен Исабековке алғыс білдірген еді.