ҚР Президенті боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады

0
867

Ресейде өткен Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов чемпион болды.


ҚР Президенті боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!», - деп жазады Президент twitter парақшасында.

Еске салсақ, кеше Ресейде өткен Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов чемпион болды. Ол финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешіміне сәйкес 5:0 есебімен жеңіске жетті.