Криштиану Роналду биыл "Манчестер Юнайтедтен" кетпейтінін хабарлады

0
765

Роналду "Манчестер Юнайтедке" 2021 жылдың жазында "Ювентустан" ауысты.


Криштиану Роналду биыл

ERNUR.KZ. "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду командада қалатынын мәлімдеді, деп жазады vesti.kz.

The Sun порталының хабарлауынша, 37 жастағы португалиялық футболшы әріптестеріне командадан өз еркімен кетпейтінін айтқан. Роналду клубтың осы маусымдағы нәтижелеріне риза емес. Сондықтан келесі маусымда "қызыл сойқандарды" Чемпиондар лигасына қайтарып, трофей жеңіп алуды көздеп отыр.

Роналду "Манчестер Юнайтедке" 2021 жылдың жазында "Ювентустан" ауысты. Команда сапында 38 кездесу өткізіп, 24 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Роналду мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы келісім-шарт мерзімі келесі маусымның соңында аяқталады. Transfermarkt ойыншының нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалады.