Криштиану Роналдудың командасы 2022 жылды сәтсіз бастады

0
884

Англия чемпионатының 21 турында әйгілі "Олд Траффордта" "Вулверхэмптонды" қабылдаған қызыл сойқандар 1:0 есебімен ұтылып қалды.


Криштиану Роналдудың командасы 2022 жылды сәтсіз бастады

ERNUR.KZ. "Манчестер Юнайтед" 2022 жылдың алғашқы ойынын сәтсіз бастады, деп жазады Vesti.kz.

Англия чемпионатының 21 турында әйгілі "Олд Траффордта" "Вулверхэмптонды" қабылдаған қызыл сойқандар 1:0 есебімен ұтылып қалды.

Матчтағы жалғыз голды 82 минутта Жоау Моутиньо салды.

Енді "Манчестер Юнайтед" келесі кездесуін 15 қаңтарда қонақта "Астон Виллаға" қарсы өткізеді. Ал "Вулверхэмптон" өз алаңында "Саутгемптонмен" жолығады.

21 турдан кейін Криштиану Роналдудың командасы 31 ұпаймен жетіншіорынға жайғасты.