Криштиану Роналдудың ұлы "Әл-Насрмен" келісімшартқа отырды

0
443

13 жастағы кіші Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" жастар командасында - 13 және 15 жастағы футболшылармен ойнайтын болады және оған әкесіне сияқты 7-нөмір беріледі.


Криштиану Роналдудың ұлы

ERNUR.KZ. Саудиялық "Әл-Наср" өзінің шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырды, деп жазады vesti.kz.

13 жастағы кіші Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" жастар командасында - 13 және 15 жастағы футболшылармен ойнайтын болады және оған әкесіне сияқты 7-нөмір беріледі.

Кіші Криштиану Роналду "Әл-Наср" үшін алғашқы матчін 20 қазанда өткізетіні хабарланып отыр.

Мұның алдында кіші Роналду футбол карьерасын испаниялық "Посуэло" клубында бастап, екі жылда 55 гол салған еді. Кейін әкесімен бірге туриндік "Ювентуске" ауысты, онда ол 28 матчке қатысып, 58 гол соқты және 18 ассист жасаған. 13 жастағы футболшы ойнаған кейінгі команда "Манчестер Юнайтед".