Криштиану Роналдудың жаңа туған ұлы шетінеп кетті

0
568

37 жастағы шабуылшының төрт бала-шағасы бар.


Криштиану Роналдудың жаңа туған ұлы шетінеп кетті

ERNUR.KZ. "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду дүниеге келген сәбиінің шетінегенін айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Ұлымыз дүние есігін аша салып шетінеп кеткендігін зор өкінішпен бөлісуге тура келіп тұр. Тек кішкентай қызымыздың аман-есен туылуы көңілге медеу. Дәрігерлер мен медбикелерге үлкен жұмыс атқарғанына алғысымды айтамын. Басымызға қиын жағдай түскенде бізді мазаламауларыңызды сұраймыз. Біздің ұлымыз – біздің кішкентай періштеміз. Біз сені әрқашан жақсы көреміз", - деп жазды португалиялық форвард.

Еске салайық, 37 жастағы шабуылшының төрт бала-шағасы бар: Криштиану Роналду-кіші, Ева мен Матео, сонымен қатар, Алана Мартина.

Қазір бірге тұрып жатқан Джорджина Родригес пен Роналду 2021 жылдың күзінде егіз болатынын жариялаған еді.