Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді (видео)

0
2 577

​Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Ол қарсыласын бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді.


Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турниріне қатысты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді.




Қуат Хамитов үшін бұл кәсіби карьерасындағы жиырмасыншы жеңіс. Максим Пантелеев екінші рет жеңіліп отыр. Жекпе-жекке дейін "Найманның" қарсыластары екі рет ауысқан болатын. Басында ол Магомед Магомедовпен (12-3), кейін Алексей Ильенкомен (8-3-1) кездесу өткізетін болды. Алайда екі кездесу де жүзеге асқан жоқ.