Қуат Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді

0
725

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.


Қуат Хамитов  қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов 25 қыркүйек, жұмада Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Найман ресейлік Ахмадхан Боковпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Бастапқыда Хамитовтың қарсыласы басқа ресейлік спортшы Олег Косинов болуы керек еді, бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда қазақстандықтың қарсыласы өзгеріп, Ахмадхан Боковпен шығатын болды.

32 жастағы Қуат Хамитов үшін бұл өткен жылдың сәуірінен бергі алғашқы жекпе-жек. Бұл ретте қазақстандық соңғы рет 2016 жылдың желтоқсанында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде қазақстандық Арман Сапаров ресейлік Магомедшапи Гасайниевтен жеңілген болатын. Жекпе-жек бірінші минутта аяқталды.

Fight Nights Global 98 турнирі "Хабар" және "Боец" телеарналарында көрсетілді.