Қуат Хамитов танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы шығады

0
404

Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамырда өткізді


Қуат Хамитов танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы шығады

ERNUR.KZ. Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (62-15-1) кездеседі, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Бүгін, 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», -деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамырда өткізді: ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан (19-15) басым түсті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.