Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

0
517

Қуат Хамитов мансабындағы ұзақ үзілістен кейін жекпе-жекке 25 қыркүйекте қайта оралған еді.


Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтің (20-6-1) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Fight Nights. Магнитогорск. Қуат Хамитов (20-6-1) vs Магомед Магомедов (12-3). 07.01.21 МЕТАЛЛУРГ АРЕНА, - деп жазды Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов мансабындағы ұзақ үзілістен кейін сегізбұрышқа 25 қыркүйекте қайта оралды. Мәскеуде өткен FIGHT NIGHTS GLOBAL 98 турнирінде ол Олег Косиновті жеңді. Ол бұл жеңісін соның алдында ғана өмірден озған атақты балуан Жақсылық Үшкемпіровке арнады. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін «Найман» Вячеслав Дацикті айқасқа шақырды.