Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі белгіленді

0
546

Қаңтарда Хамитов карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын.


Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі белгіленді

ERNUR.KZ. Қазақстандық белгілі спортшы Қуат "Найман" Хамитовтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп жазады vesti.kz.

Хамитов келесі айқасын 28 қаңтар Алматыда Mergen FC лигасының жекпе-жек кешінде өткізеді. Қуат осы жекпе-жегіне дайындалу үшін Таиландқа аттаныпты.

Еске салайық, былтыр қаңтарда Хамитов карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Ал маусым айында шаршы алаңға қайта оралатынын хабарлап, қыркүйекте бір жекпе-жекте жеңіске жетті. Одан кейін қазақ айында жұдырықтасу керек еді, бірақ ол кезде жарақат алып қалды.