Кубалық волейболшы Мексикадағы турнирде командадан қашып кетті

0
488

Осы жағдайдан кейін ертесіне Куба құрамасының басшылығы өз ойыншылырына ұялы телефон қолдануға тыйым салды.


Кубалық волейболшы Мексикадағы турнирде командадан қашып кетті

ERNUR.KZ. Кубалық волейболшы Ямислейдис Вилтрес Пачеко Мексикада Панамерика кубогіндегі турнирде Куба құрамасының сапынан қашып кетті, деп жазады vesti.kz.

Белгілі болғандай оқиға 27 тамызда орын алған. Бейнебақылау камераларынан кешкі сағат 22:00 спортшының қонақ үйден қалай шығып бара жатқанын көруге болады. Бұл жағдай Куба командасының АҚШ волейболшыларынан ұтылғаннан кейін тіркелді. Ал турнир Мексиканың Эрмосильосында өтті.

Осы жағдайдан кейін ертесіне Куба құрамасының басшылығы өз ойыншылырына ұялы телефон қолдануға тыйым салды. Биылғы жылдың өзінде бостандық аралынан 30 адам қашып кеткен.

Еске салайық, Ямислейдис Вилтрес Пачеко соңғы екі маусым Екатеринбург қаласының "Уралочки-НТМК" командасында ойнады.