Құраманың экс бапкері Исламханның футболға қашан оралатынын айтты

0
574

Исламханның жаза мерзімі қараша айында аяқталады.


Құраманың экс бапкері Исламханның футболға қашан оралатынын айтты

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Талғат Байсуфинов Бауыржан Исламханның футболға оралуына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Мен онымен сөйлестім. Не туралы екенін айта алмаймын. Ол өз арамызда қалады. Ең бастысы - ол футбол ойнағысы келіп, жанып тұр. Оның ниеті жақсы. Исламхан үшін уайымдамаймын. Енді ол өз дайындығын ретке келтіру керек. Қайта оралған кезде командаға жарақатсыз қосылу үшін. Жеке дайындығына ерекше назар аударғаны дұрыс. Жалпы командамен жаттығуға дайын болу керек", - деді Байсуфинов.

Еске салайық, Исламханның жаза мерзімі қараша айында аяқталады. Қазір футболшы жеке дайындалуда. Жуырда ол Алматының орталық стадионында Қазақстанның аңыздар құрамасы сапында кездесуге де қатысты.