Күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар 2 алтын еншіледі

0
655

Құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-ші орынмен аяқтады.


Күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар 2 алтын еншіледі

ERNUR.KZ. Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Оlympic.kz.

53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапоничлық Маю Мукаиданы жеңді.

72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші қоланы салды.

62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды. Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтты.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-ші орынмен аяқтады.