«Қыран» келесі айналымға жолдама алды

0
1 386

ERNUR.KZ. ​Футболдан Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. «С» тобындағы соңғы турда Шымкенттің «Қыран» командасы «Намыс» стадионында Астананың әуесқой №8 футбол командасына қарсы ойын өткізді.


«Қыран» келесі айналымға жолдама алды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. «С» тобындағы соңғы турда Шымкенттің «Қыран» командасы «Намыс» стадионында Астананың әуесқой №8 футбол командасына қарсы ойын өткізді.

Астаналықтар алғашқы турда «Каспий» клубын 3:0 есебімен жеңген болатын. Елордалықтар «Қыран» командасына қарсы қарқынды ойын көрсетіп, есепті бірінші болып ашты. Гол 10-минутта Насибуллиннің атына жазылды. Қалған минуттарда кәсіпқой клуб саналатын «Қыран» екі голмен қарымта қайтарды.

Махамбетов дубльге қол жеткізіп, командасына 2:1 есебімен жеңісті әперді. Осылайша «Қарын» 4 ұпаймен келесі айналымға жолдама алды. Сондай - ақ ел кубогының іріктеу кезеңінен «Оқжетпес», «Мақтаарал», «Алтай» мен «Тараз» клубтары да жолдама алды.