Қытай құрамасындағы қазақ боксшы кіші ӘЧ-дегі жекпе-жекте жеңіске жетті

0
237

Тоқтарбек 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.


Қытай құрамасындағы қазақ боксшы кіші ӘЧ-дегі жекпе-жекте жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тоқтарбек грекиялық Михаил Цамалидиспен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (4:0). Осылайша, ол турнирдің ширек финалына өтті.

Айта кетейік, Тоқтарбек 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, Азия ойындарының жеңімпазы.