Қытайлық қандасымыз Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды

0
791

Ол 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.


Қытайлық қандасымыз Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Шыңжаңдық қандасымыз Уәлихан Серікұлы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қола жүлдегер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Уәлихан 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

1/8 финалда ол германиялық Этьен Кинсингерді жықты. Ширек финалда жапон балуаны Кеничиро Фумитаға есе жіберіп, жұбату белдесуіне шығуға мүмкіндік алды. Бұл кездесуде Алжир өкілі Абелькарим Фергатты жеңді.

Бүгін қандасымыз қола жүлде үшін украиналық Ленур Темировпен күш сынасып, қола жүлдегер атанды.