​Леандро Паредес пен Мауро Икарди Әлем чемпионатына бармайтын болды

0
1 036

Аргентина құрама командасының бас бапкері Хорхе Сампаоли Әлем чемпионатына баратын футболшылардың тізімін жариялады.


​Леандро Паредес пен Мауро Икарди Әлем чемпионатына бармайтын болды

ERNUR.KZ. Аргентина құрама командасының бас бапкері Хорхе Сампаоли Әлем чемпионатына баратын футболшылардың тізімін жариялады. Мундиалда ойнайтын құрамның ішінде Италияның «Интер» клубы шабуылшысы Мауро Икарди мен Ресейдің «Зенит» командасының жартылай қорғаушысы Леандро Парадесге орын табылмады.


Аргентина құрама командасының Әлем чемпионатына баратын толық құрамы мынадай:

Қақпашылар: Серхио Ромеро ("Манчестер Юнайтед", Англия), Франко Армани ("Ривер Плейт"), Вилли Кабальеро ("Челси", Англия).

Қорғаушылар: Кристиан Ансальди ("Торино", Италия), Маркос Рохо ("Манчестер Юнайтед", Англия), Маркос Акунья ("Спортинг", Португалия), Николас Тальяфико ("Аякс", Голландия), Габриэль Меркадо ("Севилья", Испания), Николас Отаменди ("Манчестер Сити", Англия, Федерико Фасио (”Рома”, Италия).

Жартылай қорғаушылар: Хавьер Маскерано ("Хэбэй Чайна Форчун", Китай), Эвер Банега ("Севилья", Испания), Лукас Билья ("Милан", Италия), Эдуардо Сальвио ("Бенфика"), Кристиан Павон ("Бока Хуниорс"), Максимилиано Меза ("Индепендьенте"), Анхель Ди Мария ("ПСЖ", Франция), Мануэль Лансини ("Вест Хэм", Англия), Жовани Ло Чельсо ("ПСЖ", Франция).

Шабуылшылар: Лионель Месси ("Барселона", Испания), Пауло Дибала ("Ювентус", Италия), Серхио Агуэро ("Манчестер Сити", Англия), Гонсало Игуаин ("Ювентус", Италия).