​Әлем чемпионатының ширек финалында Ресей хоккейшілері Канадалықтардан жеңіліп қалды

0
1 200

Соңғы 3 - кезеңде айдынға жиналған жанкүйерлер тағы 4 шайбаға куә болып, ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды.


​Әлем чемпионатының ширек финалында Ресей хоккейшілері Канадалықтардан жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионатының ширек финал кездесулері аяқталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жанкүйерлерді қызықтырған матч Ресей және Канада құрама командаларының арасында өтіп, жеңімпаз овертаймда анықталды.

Алғашқы кезеңде сан басымдылығына ие болған канадалықтар есепті ашты. Шайба авторы Прайко (4:45). Екінші периодтың 12 - минутында Ньюжент-Хопкинс нәтижені еселеді - 2:0.

Бірақ, ресейліктер қатарынан екі шайбамен таразы басын теңестіріп кетті. Михеев пен Барабановтар соққыларымен көзге түсті.

Соңғы 3 - кезеңде айдынға жиналған жанкүйерлер тағы 4 шайбаға куә болып, ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды.

Овертаймда О'Ралли Канадаға жеңіс сыйлап, командасын жартылай финалға алып шықты - 5:4.

Өзге ойындардың нәтижелері мынадай:
АҚШ - Чехия - 3:2, Финляндия - Швейцария - 2:3, Швеция - Латвия - 3:2.