Лионель Месси Катардағы ең мықты ойыншы атанды

0
423

Бес матчте төрт гол салып, екі нәтижелі пас берген Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тізімде бірінші.


Лионель Месси Катардағы ең мықты ойыншы атанды

ERNUR.KZ. Футбол туралы жазатын Goal сайты Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финал қорытындысы бойынша ең мықты он ойыншының тізімін жасады, деп жазады vesti.kz.

Бес матчте төрт гол салып, екі нәтижелі пас берген Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тізімде бірінші. Ал кейінгі екі орынды франциялықтар иеленіпті - Килиан Мбаппе және Антуан Гризманн.

ӘЧ-2022 турниріндегі ең мықты 10 футболшы:

1. Лионель Месси (Аргентина)
2. Килиан Мбаппе (Франция)
3. Антуан Гризманн (Франция)
4. Доминик Ливакович (Хорватия)
5. Ашраф Хакими (Марокко)
6. Бруну Фернандеш (Португалия)
7. Софьян Амрабат (Марокко)
8. Ришарлисон (Бразилия)
9. Коди Гакпо (Нидерланды)
10. Джуд Беллингем (Англия)

Еске салайық,13 желтоқсан Аргентина - Хорватия, ал келесі күні Франция - Марокко жұптары алтынға таласатын командаларды анықтайды.