​«Ливерпуль» аутсайдер командаға жеңіліп қалды

0
870

Салах, Мане және Фирминьоларда «Црвена Звезданың» қақпасына гол соғу мүмкіндігі болды. Бірақ...


​«Ливерпуль» аутсайдер командаға жеңіліп қалды

Сейсенбі күні футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 4 – тур ойындары өтті. Күтілмеген нәтижелерден бірі «С» тобында Англияның «Ливерпуль» мен Сербияның «Црвена Звезда» командалары арасында тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Белград қаласында өткен матчтың алғашқы минуттарынан ағылшындар шабуыл ұйымдастырған болса – да, гол соғу бақыты бұйырмады. Салах, Мане және Фирминьоларда «Црвена Звезданың» қақпасына гол соғу мүмкіндігі болды. Бір жағдайда Мұхаммет Салахтың соққысынан соң доп қақпаның бағанасынан кері қайтты.

Алаң қожайындары 22 – минутта Милан Павковтың соққысынан соң есепті ашты. Осы футболшы 29 – минутта «Ливерпуль» қақпашысын екінші рет ренжітіп, командасына 2:0 есебіндегі жеңісті келтірді.
Топтағы екінші ойында «Наполи» мен «Пари Сен Жермен» командалары 1:1 есебімен тең ойнап, ұпай бөлісті. «В» тобында «Барселона» сырт алаңда «Интермен» кездесіп, соңғы минутта жеңісті қолдан шығарды. Бірінші таймда испаниялықтар қарсыластарының қақпасына 13 рет соққы бағыттаған болса да, гол соға алмады. Бірақ, алғашқы голды бәрібір, «Барса» футболшылары соқты. Гол авторы Малком. Ал, 87 – минутта аргентиналық Икарди «Интерге» ұпай алып берген голды соқты, қорытынды есеп – 1:1.
Өзге ойындардың нәтижелері мынадай:
Тоттенхэм (Англия) - ПСВ (Голландия) - 2:1
Порту (Португалия) - Локомотив (Мәскеу, Ресей) - 4:1
Шальке (Германия) - Галатасарай (Туркия) - 2:0
«Атлетико» (Испания) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – 2:0