Мадридтіктер Неймарды қатарына қосу үшін аянып қалар емес

0
814

Неймар 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ-ға рекордты саналатын 222 миллион еуроға ауысқан болатын.


Мадридтіктер Неймарды қатарына қосу үшін аянып қалар емес

ERNUR.KZ. Мадридтің «Реалы» ПСЖ клубына жаңа ұсыныс жасады. Дереккөздердің айтуынша мадридтіктер Неймар үшін 120 миллион еуро және Лука Модричті қосып беруге әзір, деп жазады Prosports.kz.

Жалпы, Неймарға басты үміткер – өзінің бұрынғы командасы «Барселона». Алайда Париж командасы мен каталониялықтар келісімге келе алмай отыр.

Еске сала кетейік, Неймар 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ-ға рекордты саналатын 222 миллион еуроға ауысқан болатын.